Ақмола облысы Қосшы қаласы мәслихатының сайлау комиссиялары құрамындағы өзгерістер туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Ақмола облысы Қосшы қаласы мәслихатының сайлау комиссиялары құрамындағы өзгерістер туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ақмола облысының Қосшы қаласының мәслихаты округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарындағы өзгерістер туралы хабарлайды:

Округтік сайлау комиссияларының құрамына  – 28 адам;

Учаскелік сайлау комиссияларының құрамына – 7 адам;

 

Депутаттарды сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясы бес мүшеден тұрады.

Сайлау комиссияларының өкілеттігінің мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардан ұсыныстар түспеген жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 28 қыркүйектен бастап 08 қазанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер; 

2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы  саяси партияның,  қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің),  жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;

3) саяси партияны,  қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нысаны мәслихаттың сайтына орналастырылған.    

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа ұсынылатын барлық қағаз нұсқадағы құжаттарда басшының қолы қойылған, мөрмен бекітілген және орындалу күні, орындаушының фамилиясы, аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.  

Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 08 қазанға дейін дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағ.13:00-ден 14:30-ға дейін.

 

 

Ә.Ж. Қуатбеков - Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы

Мәслихаттың орналасқан жері: Қосшы қаласы, Республика көшесі, 46.

Жауапты тұлға - Сүлейменов Нұрбек Мұратұлы, Қосшы қаласы мәслихатының аппараты, қалааралық телефон коды (87122) 607-772, ұялы телефоны 87058069341, электрондық пошта мекенжайы maslikhatgorodakosshy@mail.ru

 

 

Ақмола облысы Қосшы қаласының мәслихаты

Ақмола облысы Қосшы қаласы мәслихатының сайлау комиссиялары құрамындағы өзгерістер туралы ХАБАРЛАМАСЫ
Дата публикации
28 сентября 2026