Қорғалжын аудандық мәслихатының 2026 жылғы 9-шы қазандағы № 1/54 шешімі
Қорғалжын аудандық
мәслихатының «Аумақтық,
учаскелік сайлау
комиссияларының
құрамын бекіту туралы»
26.12.2023 № 1/13 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 19 бабының 6 тармағының 1-ші тармақшасына және Қорғалжын аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 25 қыркүйектегі «Қорғалжын ауданының учаскелік, округтік сайлау комиссияларының мүшесін міндетінен босату туралы» № 48/7 қаулысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Төмендегі сайлау комиссиялары құрамынан келесі комиссия мүшелері босатылсын:
№ 578 учаскелік сайлау комиссиясы
Шокаева Айгерим Нугумановна
№ 584 учаскелік сайлау комиссиясы
Даулетбековна Маржанкул Сериковна
№ 586 учаскелік сайлау комиссиясы
Амантай Алишер Нуртайулы
2. Шығып кеткен комиссия мүшелерінің орнына келесі комиссия мүшелері енгізілсін:
№ 578 учаскелік сайлау комиссиясы
Аубакирова Жадыра Ураловна
№ 584 учаскелік сайлау комиссиясы
Смаилов Кайрат Сейтахметович
№ 586 учаскелік сайлау комиссиясы
Садыкова Сайран Коржинбаевна
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қорғалжын аудандық
мәслихатының төрағасы
_________ Б. Рыспаев
Қорғалжын аудандық мәслихатының 2026 жылғы 9-шы қазандағы № 2/54 шешімі
Қорғалжын аудандық
мәслихатының «Қорғалжын
аудандық округтік сайлау
комиссиялары құрамын бекіту
туралы» 16.01.2023 № 1/28
шешіміне өзгерістер енгізу
туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 19 бабының 6 тармағының 1-ші тармақшасына және Қорғалжын аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 25 қыркүйектегі «Қорғалжын ауданының округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшесін міндетінен босату туралы» № 48/7 қаулысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Төмендегі сайлау комиссиялары құрамынан келесі комиссия мүшелері босатылсын:
№ 3 округтік сайлау комиссиясы
Ермұрат Әлемгүл
№ 7 округтік сайлау комиссиясы
Баймуханова Заря Кайратовна
№ 10 округтік сайлау комиссиясы
Маханбаева Зауреш Темирхановна
2. Шығып кеткен комиссия мүшелерінің орнына келесі комиссия мүшелері енгізілсін:
№ 3 округтік сайлау комиссиясы
Даменова Айжан Габдуллаевна
№ 7 округтік сайлау комиссиясы
Таттыбаева Аягоз Жанатовна
№ 10 округтік сайлау комиссиясы
Уралбекова Анара Рамазановна
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қорғалжын аудандық
мәслихатының төрағасы
_________ Б. Рыспаев
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық Заң) 10 бабына сәйкес Қорғалжын аудандық мәслихаты шығып кеткен комиссия мүшелерінің орнына № 584 – 1 адам, № 586 – 1 адам, № 587 – 1 адам учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін ұсыну рәсімінің басталғаны туралы хабарлайды.
Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін тиісті мәслихаттар саяси партиялардың ұсыныстары негізінде, ал саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда - өзге де қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары бойынша сайлайды.
Әрбір саяси партия мен қоғамдық бірлестік тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партиялар сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партиялардың мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды, ал қоғамдық бірлестіктер осы қоғамдық бірлестіктердің мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 28 қыркүйектен 12 қазанға дейін (қоса алғанда) аудандық мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі);
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері аудандық мәслихаттың сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссияларының құрамына ұсынылатын тұлғалар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшелері Қорғалжын ауданының аумағында тұруы тиіс.
Мәслихатқа ұсынылатын қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуға және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылдың 13 қазан аралығында дейін дүйсенбіден жұма аралығында сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Мәслихаттың орналасқан жері: Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Хайретдин Болғанбаев көшесі, 9.
Жауапты тұлға – Дюсекеева Айнаш Капановна, байланыс телефондары: қызметтік 8 /71637/ 2-23-26, ұялы телефон 8-702-130-44-72, электрондық поштаның мекен-жайы ainash201972@mail.ru.
Қорғалжын аудандық мәслихаты
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық Заң) 10 бабына сәйкес Қорғалжын аудандық мәслихаты шығып кеткен комиссия мүшелерінің орнына № 3 – 1 адам, № 7 – 1 адам, № 10 – 1 адам округтік сайлау комиссияларының мүшелерін ұсыну рәсімінің басталғаны туралы хабарлайды.
Округтік сайлау комиссияларының мүшелерін тиісті мәслихаттар саяси партиялардың ұсыныстары негізінде, ал саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда - өзге де қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары бойынша сайлайды.
Әрбір саяси партия мен қоғамдық бірлестік тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партиялар сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партиялардың мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды, ал қоғамдық бірлестіктер осы қоғамдық бірлестіктердің мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 28 қыркүйектен 12 қазанға дейін (қоса алғанда) аудандық мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі);
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері аудандық мәслихаттың сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссияларының құрамына ұсынылатын тұлғалар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшелері Қорғалжын ауданының аумағында тұруы тиіс.
Мәслихатқа ұсынылатын қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуға және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылдың 13 қазан аралығында дейін дүйсенбіден жұма аралығында сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Мәслихаттың орналасқан жері: Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Хайретдин Болғанбаев көшесі, 9.
Жауапты тұлға – Дюсекеева Айнаш Капановна, байланыс телефондары: қызметтік 8 /71637/ 2-23-26, ұялы телефон 8-702-130-44-72, электрондық поштаның мекен-жайы ainash201972@mail.ru.
Қорғалжын аудандық мәслихаты
Қорғалжын аудандық мәслихатының төрағасы Берік Оралбайұлы Рыспаев Ақмола облысы білім басқармасы Қорғалжын аудандық білім бөліміне қарасты Қорғалжын ауылы Р. Есімжанова атындағы балалар музыка мектебіне барды. Мектеп директоры Рахметов Серік Маратұлы мектептің жылу жүйесінің дайындығын және мектептің шатырын ауыстыру жұмысытарының аяқталу барысымен таныстырды.
Қорғалжын аудандық мәслихат депутаттарының
және аудан тұрғындарының назарына
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару» туралы Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес, 2026 жылғы 27- ші тамыз сағат 11.00 –де Қорғалжын аудандық мәслихатының сегізінші шақырылған елу бірінші кезекті сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.
Сессияның күн тәртібінде төмендегі негізгі мәселелер қаралады:
Баяндамашы – аудан әкімі А. Алин
Баяндамашы: Қорғалжын ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы
Н. Алимжанов
Қорғалжын аудандық
мәслихатының
төрағасы Б. Рыспаев
Қорғалжын аудандық мәслихатының кезектен тыс сессия болып өтті. Сессияда төмендегі сұрақтар қаралды:
Сессияны Қорғалжын аудандық мәслихатының төрағасы Берік Оралбайұлы Рыспаев жүргізді.
Құрметті жас мамандар! Сіздерге мемлекеттік қызметтегі кейбір лауазымдарға конкурстан тыс тағайындалу мүмкіндігінің бар екенін хабарлаймыз!
Негізгі шарттары:
1) конкурссыз орналасу мүмкіндігі ЖОО бітіргеннен соң 1 жыл ішінде іске асырылады;
2) білім туралы дипломның GPA деңгейі кем дегенде 3.33 құрауы тиіс;
3) мамандығыңыз лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс;
4) конкурссыз орналасу мүмкіндігі облыстық маңызы бар қаладан басқа (Көкшетаудан басқа) аудан / қалаларда іске асырылады;
Конкурссыз иеленуге болатын мемлекеттік әкімшілік лауазымдар:
1️⃣ ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың (Көкшетау қаласынан басқа) әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына;
2️⃣ ауданның және облыстық маңызы бар қаланың (Көкшетау қаласынан басқа) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының басшы емес лауазымына;
3️⃣ аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшы емес лауазымына;
4️⃣ орталық мемлекеттік орган мен оның ведомствосының аудандағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (Көкшетау қаласынан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшы емес лауазымына.
Ауылдық елді-мекендерге орналасқан жас мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие беру мүмкіндігі қарастырылады.
Сізді осы ақпарат қызықтырса, не болмаса толығырақ кеңес алғыңыз келсе мемлекеттік органдардың кадр қызметтеріне тікелей жүгінуге, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне @elgeqyzmet.aqmola Көкшетау қаласы, Абай көшесі 87, 3 қабат мекенжайы, 8 716 2 51 81 32 телефоны арқылы хабарласуға болады.
Суретте Қорғалжын аудандық мәслихат аппаратының бұрынғы басшысы, мемлекеттік қызмет ардагері, «Қорғалжын ауданының «Құрметті азаматы» атағының иегері Мажитова Батжан Мәжитқызы.
2005 жылы осы лауазымға тағайындалған кезде Батжан Мәжитқызы мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтардың басы қасында болып, жаңғыруына тікелей себепші болды.
2005 жылға дейін аудан әкімі аппаратының жетекшісі, оның алдында аудан әкімінің орынбасары және аудандық атқару комитетінің әлеуметтік-мәдени бөлім басшысы лауазымдарын атқарып, мемлекеттік қызметтің әр сатысынан өткен білікті маман болатын. Осы еңбек жолында қаншама жас мамандарға тәлімгер болып, бірнеше буын мемлекеттік қызметшілерді тәрбиеледі.
Батжан Мәжитқызы құрметті демалыста болса да еңбектен қол үзбей ауданның дамуына өз үлесін қосып келеді. 2016 жылы Қорғалжын аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған кезінде де ел құрметтейтін халық қалаулыларының бірегейі болып, сайлаушыларының көңілінен шыға білді.
Бүгінгі күнде еңбек жолын жалғастыра жүріп қоғамдық жұмыстардан да қалыс қалмай, Қорғалжын ауданының Қоғамдық Кеңесінің мүшесі болып жүр. Жастарға әрқашан ақылшы, халыққа қамқоршы қалпымен ел ықыласына бөленіп жүрген ардагер әріптесімізге айтар алғысымыз шексіз.
Батжан Мәжитқызымен аудандық мәслихат аппаратында бірлесе жұмыс жасаған, бүгінгі күнде құрметті еңбек демалысына шыққан бұрынғы бас маман-есепшісі Ахметова Зейнеп Уақасқызы және аудандық мәслихат аппаратының бұрынғы бас маманы Айтжанова Күләш Ермекқызы ардагерлеріміздің де мемлекеттік қызметтегі көп жылғы еңбектері біз сияқты әріптестеріне үлкен үлгі. Біз әлі де аға буын әріптестерімізден қызметімізге байланысты ақыл-кеңестерін сұрап, әр уақытта құрметтеп жүреміз.
Қорғалжын ауданы бойынша Қазақстан Республикасы рәміздері күніне арналған салтанатты ісшара өтті. Ісшараға Қорғалжын аудандық мәслихатының төрағасы Б. Рыспаев және мәслихат депутаттары: М. Тусупбеков, А. Зулханов, Ж. Шопанова, сонымен қатар аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.