GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Мәслихат туралы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Все материалы
30 сентября 2026
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Бүгін «ӘDILET» партиясы филиалының мәжіліс залында Қордай аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізіліп, күн тәртібіне енгізілген бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

Отырысқа Қордай ауданы әкімінің орынбасары Н. Сатымқұл, Қоғамдық кеңестің мүшелері, сондай-ақ тиісті бөлімдердің басшылары қатысты.

Отырысты Қоғамдық кеңес төрағасы Н. Молдабеков ашып, қаралатын мәселелердің маңыздылығына тоқталды.

Алдымен Қордай ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің атқарған жұмыстары зерделенді. Жауапты мамандардың ақпараты тыңдалып, азаматтарды әскери есепке қою, әскерге шақыру және жастар арасында әскери-патриоттық тәрбие бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сараланды. Кеңес мүшелері тарапынан бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылды.

Отырыста сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерін бөлу және игеру мәселесі қаралды. Бұл ретте бөлінген жер телімдерінің игерілуі мен инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуіне баса назар аударылды.

Қоғамдық кеңес мүшелері тұрғындар үшін қолайлы жағдай қалыптастыру, жер учаскелерінің тиімді игерілуін қамтамасыз ету және инфрақұрылымдық мәселелерді жүйелі түрде шешудің маңыздылығын атап өтті.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасып, жауапты мекемелерге бірқатар ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, әртүрлі мәселелер қаралып, аудан тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелер ортаға салынды.

29 сентября 2026
Тұрақты комиссияның отырысы өтті

Аудандық мәслихаттың Білім және спорт денсаулық сақтау мәдениет және тілдерді дамыту, жастар ұйымдарымен байланыс мәселелері жөніндегі 2026 жылға арналған тұрақты комиссиясының отырысы өтті, онда "Қордай ауданының психологиялықпедагогикалық түзету кабинеті "КММ қызметі мен атқарған жұмысы туралы" мәселе қаралды. Отырыс комиссияның ағымдағы жылдың 3 тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді депутаттар Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының білім бөлімінің психологиялықпедагогикалық түзету кабинетінің басшысы Әсия Асыққызы Валиеваның баяндамасын тыңдады

Мәселені талқылау барысында Қордай ауданының білім бөлімінің басшысы Г. Б. Әлімжановқа бірнеше ұсыныстар берілді

Мәслихаттың осы комиссиясы бақылауға алған қаулы қабылданды

18 сентября 2026
Қордай аудандық мәслихатының кезекті жетпісінші сессиясы

18 қыркүйекте аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті, оны Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нурдин Есенгелдиевич Садыков өткізді, оның жұмысына депутаттардан басқа аудан әкімінің орынбасары Жұлдызбек Төленұлы Бақаев, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.

Депутаттар аудан әкімінің орынбасары Жұлдызбек Төленұлы Бақаевтың Қордай ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебін тыңдады Аудан әкімінің орынбасары атқарылып жатқан жұмыстар туралы жан-жақты баяндама жасады. Сөз сөйлеген депутат Қарлығаш Қанатбекқызы Қыпшақбаева аудан әкімінің ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша жүргізіп жатқан жұмысын атап өтіп, оған оң баға берді. Депутаттар әріптесін қолдап, аудан әкімінің орынбасарының қызметін мақұлдады

Бұдан әрі, Орман қоры жерлері категориясынан елді мекен жерлері категориясына ауыстыру жөнінде ұсыныс енгізу туралы мәселе қаралды, ол бойынша ақпаратты аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ерлан Жандосұлы Нурмаханбетов ұсынды.

Сондай-ақ, сессияда «Қордай аудандық мәслихатының аппаратымемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілді

26 августа 2026
Қоғамдық кеңес отырысында бірқатар маңызды мәселе қаралды

Бүгін Қордай аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелері, аудан әкімдігіне қарасты бөлім басшылары және жауапты мамандар қатысты.

Отырысты Қоғамдық кеңес төрағасы Н. Молдабеков ашып, күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталды.

Жиында бірінші кезекте аудан бойынша мекемелердің жылыту маусымына дайындығы, оның ішінде қатты отын, газ және басқа да қажетті отын түрлерімен қамтамасыз ету бағытында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің  атқарылып жатқан жұмыстардың барысы қаралды. Жауапты бөлім басшылары дайындық жұмыстары туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар, аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің атқарған жұмысы зерделеніп, кәсіпкерлікті қолдау, өнеркәсіп саласын дамыту және осы бағытта жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат тыңдалды.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2025-2026 жылдары Кенен ауылдық округінде атқарылған жұмыстар қаралды. Сондай-ақ ауылдық округ әкімдігі тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен ұйымдастырылу барысы зерделенді.

Отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері көтерілген мәселелер бойынша өз ұсыныстарын білдіріп, жауапты бөлімдерге бірқатар ұсыныстар айтылды.

Жиын соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға қатысты ұсыныстар берілді.

 

21 августа 2026
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс алпыс тоғызыншы сессиясы

20 тамызда Аудандық мәслихаттың кезектен тыс алпыс тоғызыншы сессиясы өтті, оны Қордай  аудандық мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы Қарлығаш Қанатбекқызы Қыпшақбаева өткізді, оның жұмысына депутаттардан басқа, аудан әкімінің орынбасары Жұлдызбек Төленұлы Бақаев, ауылдық округ әкімдері, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы қатысты.  

  Депутаттар "Қордай аудандық мәслихатының 2025 жылғы                      24 желтоқсандағы №56-2 "Қордай  ауданының  ауылдық  округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы " мәселені қарастырып, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Жамалбайқызы Абдужалиева баяндама жасады. Мәселені жан-жақты талқылап, депутаттар тиісті шешім қабылдады.

 Сонымен қатар, сессияда аудандық тұрғын үй комиссиясының құрамы бекітілді.

 

Эфирдің жазбасы

 

13 августа 2026
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс алпыс сегізінші сессиясы

Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс алпыс сегізінші сессиясы өтті, оны Қордай аудандық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Қарлығаш Қанатбекқызы Қыпшақбаева өткізді оның жұмысына депутаттардан басқа аудан әкімінің орынбасары Нұрболат Ақынғалиұлы Сатымқұл аудан әкімдігінің бөлім басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты

Депутаттар «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қордай аудандық  мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №55-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселені қарады ол бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Жамалбайқызы Абдужалиева егжей-тегжейлі баяндама жасады Жан-жақты талқылаудан кейін депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.

Бұдан басқа, «Бірлескен «Жамбыл облысы Қордай ауданы елді мекендерінің шекараларын (шектерін) белгілеу туралы » Қордай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 15 шілдедегі №300 қаулысының және Қордай аудандық мәслихатының 2026 жылғы 15 шілдедегі №67-2 шешімінің күшін жою туралы», «Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы туралы» және  «Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының  құрамы туралы және олардың төрағалары мен мүшелерін сайлау туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №39-7  шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселелері қаралып, шешімдер қабылданды. 

16 июля 2026
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс алпыс жетінші сессиясы

15 шілдеде Қордай аудандық мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы Қ. Қыпшақбаеваның төрағалығымен аудандық мәслихаттың сессиясы өтті, оның жұмысына депутаттардан басқа аудан әкімінің орынбасары Жұлдызбек Төленұлы Бақаев, кейбір аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қатысты.

Депутаттар «Жамбыл облысы Қордай ауданы елді мекендерінің шекараларын (шектерін) белгілеу туралы» мәселені қарады, ол бойынша егжей-тегжейлі баяндаманы аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Сейдекеш Ғабит Доғдырқұлұлы берді.

Одан бөлек, «Жамбыл облысы Қордай ауданы бойынша 2026-2030 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын бекіту туралы» және «Қордай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы».

Жан-жақты талқылаудан кейін депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.

07 июля 2026
ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!
02 июля 2026
ЖАҢАРТЫЛҒАН КОНСТИТУЦИЯНЫҢ МІНДЕТТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қордай аудандық қоғамдық кеңесінде Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының күшіне енуіне байланысты маңызды мәселелер қаралған отырыс өтті.

Жиын барысында Конституцияның ел дамуының негізгі құқықтық тірегі екені, оның қағидаттарын жүзеге асыруда мемлекеттік органдармен қатар азаматтық қоғамның да маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.

Қоғамдық кеңес мүшелері Ата Заңның басты құндылығы – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және қоғамдық келісімді нығайту екенін айтты. Сондай-ақ Әділетті Қазақстанды қалыптастыру жолында әр азаматтың жауапкершілігі мен белсенді азаматтық ұстанымының маңызы ерекше екені жеткізілді.

24 июня 2026
Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

23 маусым күні Қордай аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынды кеңес төрағасы Н.Молдабеков ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.

Отырыстың күн тәртібінде екі маңызды мәселе қаралды.

Алғашқы мәселе бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің жазғы кезеңдегі шомылу маусымы мен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарған жұмыстары зерделенді. Бөлім басшысы аудан аумағындағы су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін сақтау, рұқсат етілмеген жерлерде шомылудың алдын алу, сондай-ақ тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша атқарылған іс-шаралар туралы баяндады. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында жүргізілген профилактикалық жұмыстар, рейдтік іс-шаралар мен тұрғындарға берілген ескертулер жайы сөз болды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысына арналды. Қордай аудандық мансап орталығының қызметі, жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту, кәсіптік оқыту, жастар тәжірибесі, қоғамдық жұмыстар және басқа да мемлекеттік қолдау шараларының жүзеге асырылу деңгейі талқыланды. Мансап орталығы басшысы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, алдағы кезеңге жоспарланған міндеттерді таныстырды.

Қоғамдық кеңес мүшелері қаралған мәселелер бойынша өз пікірлерін білдіріп, бірқатар ұсыныстар мен ескертулер айтты. Талқылау қорытындысы бойынша тиісті мекемелерге нақты ұсыныстар беріліп, олардың орындалуын бақылауда ұстау туралы айтылды.

Отырыс соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы