Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы ХАБАРЛАМА

 Саяси партиялардың және өзге де қоғамдық

бірлестіктердің, олардың құрылымдық

бөлімшелерінің  назарына!

 

Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы

ХАБАРЛАМА

 

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабына (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) сәйкес Жамбыл облысының Қордай аудандық мәслихаты аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы хабарлайды:

Қордай аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған комиссия мүшелерінің саны

 

№ р/б

Сайлау комиссияларының атауы немесе номері

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

Сайлау комиссияларының шығып қалған комиссия мүшелерінің саны

 
 

1

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, 242

1

 

2

234

Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, 393 Б, «Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Қордай ауданы білім бөлімінің Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

2

 

3

235

Қордай ауылы, Панфилов көшесі 44, «Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Қордай ауданының білім бөлімінің Шерхан Мұртаза атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

1

 

4

236

Қордай ауылы, Орталық көшесі 2, «Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Қордай ауданының білім бөлімінің Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

2

 

5

238

Қордай ауылы, Өтеген көшесі 58, «Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Қордай ауданының білім бөлімінің №2 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

1

 

6

239

Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі 201, "Қордай ауданы әкімінің мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

1

 

7

243

Степное ауылы, Білім көшесі 17, «Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Қордай ауданының білім бөлімінің №24 Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

1

 

8

245

Қалғұты ауылы, Оңтүстік көшесі 31 А, «Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Қордай ауданының білім бөлімінің №52 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

1

 

9

249

Бетқайнар ауылы, Жеңіс көшесі 110, «Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Қордай ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы №27 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

1

 

10

252

Қақпатас ауылы, Мейрман Сапарбай көшесі 40, «Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Қордай ауданы білім бөлімінің Мұстафа Шоқай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

1

 

11

257

Алға ауылы, Алдабергенов көшесі 1, «Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Қордай ауданы білім бөлімінің №34 Мамбет Смағұлов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

1

 

12

260

Үлкен Сұлутор ауылы, Жылыбаев көшесі 5, «Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Қордай ауданының білім бөлімінің Манаш Қозыбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

1

 

13

263

Отар ауылы, Самал көшесі 2, «Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Қордай ауданының білім бөлімінің №41 Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

2

 

Барлығы

16

 

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясына бір кандидатураны ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын сайлау комиссияларынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылдың 29 қаңтарынан бастап 2026 жылдың 12 ақпанына дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

1) сайлау комиссиясының құрамына белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз түрінде кандидатуралар туралы мәліметтер;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) шешімі, жоғарғы тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелгені туралы құжат көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы тиісті мәслихатқа жіберілген белгіленген нысандағы өтініш.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихаттың сайтында  (https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-korday?lang=kk) орналастырылған.

өтініш үлгісі

Сайлау комиссияларының құрамына ұсынылған тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiктің аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз түрінде ұсынылған барлық құжаттарда қол қойылып, мөрмен куәландырылып, орындау күні, тегі, инициалдары және оның телефон нөмірі көрсетілуімен орындаушы туралы белгі қамтылуы керек.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылдың 29 қаңтарынан бастап 2026 жылдың 12 ақпанына дейін  дүйсенбі – жұма  күндері сағат 09:00-ден сағат 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден сағат 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.

Қордай аудандық мәслихаты:

Қордай аудандық мәслихатының төрағасы: Садыков Нурдин Есенгельдиевич.

Мәслихаттың орналасқан жері: Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106.

Жауапты тұлға – Аширбеков Даулет Тленович, каб. № 11, қалааралық телефонкоды (872636), қызметтік телефон нөмірі 21059, ұялы телефон 87027320299, электрондық мекенжай: maslihat_korday@mail.kz.

 

Қордай аудандық мәслихаты

Дата публикации
29 января 2026