Қордай аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысының Хаттамасы №10

Қордай аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысының

Хаттамасы №10

 

 

Қордай  ауылы                                                                                     18.10.2024 жыл   

Өткен жері: «AMANAT» мәжіліс залы                                           сағат 15:00

 

 

Төрағалық етуші: - Б.Қарамолдаева

Қатысқандар:  Б.Қарамолдаева – аудандық Қоғамдық кеңестің төрайымы және мүшелері, барлығы – 11 адам

Қатыспағандар: -  1 адам (себепті, Қ.Қыпшақбаева – еңбек демалысында).

 

Күн тәртібі:

 

  1. Ұйымдастыру мәселесі;

 

Күн тәртібі бойынша Б.Қарамолдаева хабарлама жасады, өз өтініші негізінде Қоғамдық кеңестің төрайым қызметінен  босатылуы туралы ұсыныс жасады. Қоғамдық кеңес мүшелері бірауыздан қолдады, Б.Қарамолдаева қоғамдық кеңес төрағасы қызметінен өз өтініші бойынша босатылып, қоғамдық кеңес мүшелерінің ашық дауыс беру нәтижесі бойынша (7 адам) Қоғамдық кеңес өкілеттіктерінің қалған мерзіміне мүшесі болып қалдырылды.

Қоғамдық кеңестің төрағасына қоғамдық кеңес мүшелері Н.Молдабеков пен Р.Мұнатаевадан 2 өтініш келіп түсті. Бұл мәселе бойынша қоғамдық кеңестің өкілеттіктерінің қалған мерзіміне Қоғамдық кеңес төрағасын ашық дауыс беру арқылы Н.Молдабеков, Р.Мұнатаева сайланатын болады.

Қоғамдық кеңес мүшесі Т.Сүгірбай Н.Молдабековтың кандидатурасын қолдайтынын жария етті: – Н.Молдабеков бірнеше жыл бойы қоғамдық кеңес мүшесі ретінде жұмыс атқарып келеді, тәжірибесі бар, білімді азамат, қоғамдық кеңестің жұмысының ыңғайын, мақсаты мен міндеті оған жақсы таныс – деді, ал Р.Мұнатаева қоғамдық кеңеске жаңадани келді, бұл жұмыспен әлі де танысуы керек – деді.

Н.Молдабековке дауыс бергендер:

7 адам

Қарсы - жоқ

Қалыс - 1

Р.Мұнатаеваға дауыс бергендер:

Р.Мұнатаева сайлауға түспейтіндігін хабарлады.

Қоғамдық кеңес мүшесі Н.Молдабеков ашық дауыс беру қорытындысы бойынша 87,5 пайыз дауыс берілді, дауыс бергендер – 7 адам,  қарсы – жоқ, қалыс 1 адам. Шешім жобасы бекітілді, шешім қабылданды. (Шешім тіркелді).

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2-қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының  15  бабының 1,3 тармақшаларына және 16 бабының 3 тармақшасына сәйкес Қоғамдық кеңес ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Б.Қарамолдаева өз өтініші негізінде Қоғамдық кеңестің төрайым қызметінен босатылып, Қоғамдық кеңес өкілеттіктерінің қалған мерзіміне мүшесі болып қалдырылсын;
  2. Қоғамдық кеңес мүшесі Н.Молдабеков ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Н.Молдабеков Қоғамдық кеңес өкілеттіктерінің қалған мерзіміне Қордай аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы болып сайлансын.

Төрағалық етуші күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қаралды деп жариялады.

Аудандық Қоғамдық кеңестің төрайымы                               Б.Қарамолдаева

 

Дата публикации
22 октября 2024