Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 25 желтоқсандағы «Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» №16-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

          

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 25 желтоқсандағы «Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» №16-5 шешіміне өзгеріс енгізілсін:

Қордай  аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамына:

          «Respublika» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылған Жәнетұлы Бауыржан енгізілсін.

         Комиссия құрамынан Ақылқожа Аида Болатқызы шығарылсын.

 

 

             Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                      Н.Садыков

 

 

 

 

                                                                                        

Дата публикации
15 августа 2024