Сегізінші шақырылған
Қордай аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
(Кезектен тыс жиырмасыншы сессия)
Қордай ауылы № 20 - 3 2024 жылғы 26 ақпан
|
Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 25 желтоқсандағы «Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» №16-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы |
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамына:
«Respublika» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылған Ақылқожа Аида Болатқызы енгізілсін.
Комиссия құрамынан Нурахметова Айгуль Манаповна шығарылсын.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Н.Садыков