2023 жылғы 30 наурыздағы аудандық мәслихаттың
бірінші ұйымдастыру сессиясының күн тәртібі
- Сегізінші шақырылған Қордай аудандық мәслихатының депутаттарын сайлауының қорытындылары туралы.
- Сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың төрағасын сайлау туралы.
- Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру және олардың төрағалары мен мүшелерін сайлау туралы.
2023 жылғы 5 мамырдағы аудандық мәслихаттың
кезектен тыс екінші сессиясының күн тәртібі
- 2022 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы.
- «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №33-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Қордай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер енгізу туралы.
- Қордай аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдері туралы.
- Қордай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 5 қазандағы № 14-4 «Қордай ауданы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы Қордай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 қыркүйектегі №37-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің күшін жою туралы.
- Аудандық бюджет комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы;
- Қордай ауданы бойынша әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік – экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясының құрамы туралы.
- 2023 жылғы наурыз – маусым және қыркүйек – желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу туралы.
- 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлердің өтініштерін қарауға арналған комиссия қорамы туралы.
- Спорт нұсқаушылараның жұмысын бағалау комиссиясының құрамын бекіту туралы.
- Қордай ауданы әкімдігінің әйелдер істері және отбасы демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрамы;
- Аудандық мәслихаттың «Қордай ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының құрамы туралы» 2022 жылғы 6 желтоқсандағы №30-4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Аудандық мәслихаттың «Әлеуметтік көмек көрсету көрсетудің оның мөлшерлерін белгілеу жөніндегі аудандық арнайы комиссия құрамын бекіту туралы» 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №33-14 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Аудандық мәслихаттың «Қордай ауданы әкімдігі жанындағы ономастика жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» 2022 жылғы 6 желтоқсандағы №30-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Аудандық мәслихаттың «Қордай аудандық жер комиссиясының құрамы туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №34-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
2023 жылғы 17 мамырдағы аудандық мәслихаттың
кезекті үшінші сессиясының күн тәртібі
- Аудан аумағында өтетін республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу жөніндегі жұмыс туралы;
- Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының жұмысы туралы;
- «2023-2025 жылдарға арналған Қордай ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №34-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- «Қордай аудандық маслихатының регламентін бекіту туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 қаңтардағы №26-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- «Қордай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы».
- «Қордай ауданының әкімдігі жанындағы жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру мәселелері жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы».
- «Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық, жартылай стационарлық және үйде қызмет көрсету мақсатында арнайы комиссия құрамын бекіту туралы».
2023 жылғы 3 шілдедегі аудандық мәслихаттың
кезектен тыс төртінші сессиясының күн тәртібі
- Аудандық мәслихат аппаратының құрылымы мен штаттары туралы;
- Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы туралы;
- Аудандық мәслихат депутаты Ыбышев Мейрамбек Кемельбаевичтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
- Қордай ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы;
- Аудандық мәслихаттың «Қордай ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының құрамы туралы» 2022 жылғы 6 желтоқсандағы №30-4 шешіміне толықтыру енгізу туралы;
- «Аудандық бюджет комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» 2023 жылғы 5 мамырдағы №2-7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
2023 жылғы 17 шілдедегі аудандық мәслихаттың
кезектен тыс бесінші сессиясының күн тәртібі
- «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №33-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Қордай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 3 шілдедегі № 4-5 «Қордай ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы
2023 жылғы 14 шілдедегі аудандық мәслихаттың
кезектен тыс алтыншы сессиясының күн тәртібі
- «2023-2025 жылдарға арналған Қордай ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №34-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Қордай ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы.
2023 жылғы 11 тамыздағы аудандық мәслихаттың
кезектен тыс жетінші сессиясының күн тәртібі
- «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы №33-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қордай ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы.
- Қордай аудаднында құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы.
2023 жылғы 21 тамыздағы аудандық мәслихаттың
кезектен тыс сегізінші сессиясының күн тәртібі
- «2023-2025 жылдарға арналған Қордай ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 34-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2023 жылғы 7 қыркүйектегі аудандық мәслихаттың
кезекті тоғызыншы сессиясының күн тәртібі
- Аудан әкімінің өзіне жүктелген фукнциялар мен міндеттерді орындау жөніндегі есебі туралы.
- Аудан мектептеріндегі жылу жүйелерінің жай-күйі және олардың қысқа дайындық жұмыстары туралы.
- Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы туралы.
- Аудандық мәслихат депутаты Қарабаев Мадияр Бақытбекұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
- Қордай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 12 тамызындағы № 27-7 «Қордай ауданы бойынша ауылдық округтер бөлінісінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған Жоспарын бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы.
- Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы.
- «Қордай ауданының Құрметті азаматы атағын беру» жөніндегі аудандық комиссиясының құрамы туралы.
- Қордай ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының құрамы туралы.
- Аудандық мәслихаттың «Қордай аудандық жер комиссиясының құрамы туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №34-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
2023 жылғы 20 қазандағы аудандық мәслихатының
кезектен тыс оныншы сессиясының
күн тәртібі туралы
- «Қордай ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.
- Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы.
- Қордай ауылының бас жоспарына түзетуді бекіту туралы.
- Беткайнар ауылының егжей-тегжей жоспарының жобасымен дамыту және салу схемасына (оңайлатылған бас жоспарына) түзетуді бекіту туралы.
- Еңбек ауылының егжей-тегжей жоспарының жобасымен дамыту және салу схемасына (оңайлатылған бас жоспарына) түзетуді бекіту туралы.
- Қайнар ауылының егжей-тегжей жоспарының жобасымен дамыту және салу схемасына (оңайлатылған бас жоспарына) түзетуді бекіту туралы.
- Қақпатас ауылының егжей-тегжей жоспарының жобасымен дамыту және салу схемасына (оңайлатылған бас жоспарына) түзетуді бекіту туралы.
- Қенен ауылының егжей-тегжей жоспарының жобасымен дамыту және салу схемасына (оңайлатылған бас жоспарына) түзетуді бекіту туралы.
- Өтеген ауылының егжей-тегжей жоспарының жобасымен дамыту және салу схемасына (оңайлатылған бас жоспарына) түзетуді бекіту туралы.
- Сарыбұлақ ауылының егжей-тегжей жоспарының жобасымен дамыту және салу схемасына (оңайлатылған бас жоспарына) түзетуді бекіту туралы.
- Сұлутөр ауылының егжей-тегжей жоспарының жобасымен дамыту және салу схемасына (оңайлатылған бас жоспарына) түзетуді бекіту туралы.
- Улкен Сұлутөр ауылының егжей-тегжей жоспарының жобасымен дамыту және салу схемасына (оңайлатылған бас жоспарына) түзетуді бекіту туралы.
- Аудан әкімдігі жанындағы ономастика жөніндегі жұмысшы тобының құрамы.
- Аудандық мәслихаттың «Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін ауру жануарларды өнімдерімен шикізаттарды алып қоймай залалсыздандырылған және қайта өндірілетін құнды жеке және заңды тұлғаларға қайтару тәртібін және орташа айлық құнын анықтау үшін арнайы комиссия құру туралы» 2022 жылғы 5 мамырдағы №24-10 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
2023 жылғы 2 қарашасындағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс он бірінші сессиясының күн тәртібі
- Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы туралы;
- Депутат М.Т.Сарманов туралы;
- «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №33-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Аудандық мәслихат аппаратының құрылымы мен штаттары туралы;
- Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №33-8 «Аудандық мәслихаттың 2023 жылға арналған перспективтік жұмыс жоспары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Аудандық тұрғын үй комиссиясының құрамы туралы;
- Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 5 мамырдағы №2-9 «2023 жылғы наурыз – маусым және қыркүйек – желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу туралы дербес және резервтік комиссиялар құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №2-9 «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2023 жылғы 8 қарашасындағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс он екінші сессиясының күн тәртібі
«2023-2025 жылдарға арналған Қордай ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №34-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2023 жылғы 22 қарашасындағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс он үшінші сессиясының күн тәртібі
- Жамбыл облысы Қордай ауданының Степное ауылдық округінің атауын Ақдала ауылдық округіне және Степное ауылының атауын Дінмұхамед Қонаев ауылына қайта атау туралы ұсыныс енгізу туралы;
- Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты, жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару шарттарының жобаларын келісу туралы;
- Қордай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды түзілу және жинақтау нормаларын бекіту туралы;
- Қордай ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы.
2023 жылғы 12 желтоқсандағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс
он төртінші сессиясының күн тәртібі
- «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №33-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Қордай ауданы бойынша қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның 2023 жылғы атқарған жұмыстары туралы.
2023 жылғы 19 желтоқсандағы 2023 жылғы 12 желтоқсандағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс он бесінші сессиясының күн тәртібі
«2023-2025 жылдарға арналған Қордай ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №34-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2023 жылғы 25 желтоқсандағы 2023 мәслихаттың кезектен тыс он алтыншы сессиясының күн тәртібі
1.Аудандық мәслихат төрағасының 2023 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі;
2.2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы;
3.Аудандық мәслихаттың 2024 жылға арналған перспективтік жұмыс жоспары туралы;
- Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы;
- Ауданның учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы.
2023 жылғы 28 желтоқсандағы аудандық мәслихаттың кезекті
он жетінші сессиясының
күн тәртібі
- 2024-2026 жылдарға арналған Қордай ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы;
- Экономика, қаржы, бюджет, жергілікті өзін-өзі басқару, индустриялық-инновациялық дамыту, аймақты, көлік пен байланысты, орта және шағын бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның атқарған жұмысы туралы;
- Әлеуметтік қоғамдық дамуы, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктері, қоғамдық құқық тәртібін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның атқарған жұмысы туралы;
- Экология, табиғатты пайдалану, әкімшілік аумақтық құрылым, жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау, өнеркәсіп салаларын, энергетиканы, құрылысты, ауыл шарушылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның атқарған жұмысы туралы;
- Білім беру және спорт, денсаулық сақтау, мәдениет және тілдерді дамыту, жастар ұйымдарымен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның атқарған жұмысы туралы;
- Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің, мемлекеттік сорт сынау учаскесі мен станциясының әрқайсысы бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің түрлері бойынша тұқымның сапасына зертеулер жүргізу санын айқындау үшін комиссия құру туралы;
- Қордай ауданы бойынша әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссиясының құрамы туралы;
- Қордай ауданы әкімдігі жанындағы жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру мәселелері жөніндегі комиссия құрамы;
- Шекаралық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесінің дербес құрамы туралы;
- Қордай ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссия құрамы туралы;
- Қордай ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссия құрамы туралы;
- Қордай аудандық жер комиссиясының құрамы туралы;
- «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №33-11 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- «Қордай ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының құрамы туралы» 2023 жылғы 7 қыркүйектегі №9-9 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
2024 жылғы 23 қаңтардағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс
он сегізінші сессиясының күн тәртібі
- Қордай ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы;
- «Қордай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды айқындау туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы №68-2 шешiмiне өзгеріс енгізу туралы
- Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы туралы;
- Аудандық мәслихат депутаты Айдаров Сулейман Ламзаровичтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
- Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты, жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару шарттарының жобаларын келісу туралы.
2024 жылғы 2 ақпаңдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс
он тоғызыншы сессиясының күн тәртібі
2024 жылға арналған «Қауіпсіз – Қордай» жобасын іске асыру іс-шаралар жоспарын бекіту туралы.
2024 жылғы 26 ақпаңдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс
жиырмасыншы сессиясының күн тәртібі
- Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 25 желтоқсандағы «Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» №16-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы «Бірманданттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» №44-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2024 жылғы 15 наурыздағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс
жиырма бірінші сессиясының
күн тәртібі
- Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 25 желтоқсандағы «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №16-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- 2024 жылы Қордай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы;
- Қордай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы;
- Әлеуметтік мәселелер бойынша консультативтік-кеңесші орган құру туралы;
- Әлеуметтік көмек көрсетудің оның мөлшерлерін белгілеу жөніндегі аудандық арнайы комиссия құрамын бекіту туралы;
- Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық, жартылай стационарлық, үйде қызмет көрсету және тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мақсатында арнайы комиссия бекіту туралы;
- Қордай ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссия құрамы туралы;
- Қордай ауданы әкімдігі жанындағы жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру мәселелері жөніндегі комиссия құрамы туралы;
- Еңбек өтілін белгілеу бойынша консультативтік-кеңесші орган құру туралы;
- Қордай ауданы бойынша әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссиясының құрамы туралы;
- Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы;
- Аудандық бюджет комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
2024 жылғы 20 наурыздағы аудандық мәслихаттың кезектен
тыс жиырма екінші сессиясының күн тәртібі
- «2024-2026 жылдарға арналған Қордай ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №17-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №16-4 «Аудандық мәслихаттың 2024 жылға арналған перспективтік жұмыс жоспары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.