Айдаров Сүлейман Лазарович 1979 жылы 16 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масаншы ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2002 жылы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының емдеу факультетін бітірген. 2002 - 2004 жылдары Қырғыз-Славян университетінде "хирург"мамандығы бойынша резидентурадан өтті.
«AMANAT».партиясының мүшесі.
Үйленген, 5 бала тәрбиелеп отыр.
Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласының төртінші қалалық ауруханасында бастаған. 2005 жылы Қордай ауданы Аухатты ауылдық ауруханасының дәрігер-терапевті лауазымына ауысып, 2006 жылы осы аурухананың бас дәрігері болып тағайындалды. 2014 жылдан – Аухатты ауылдық емханасының меңгерушісі, 2018 жылдан – Аухатты ауылдық дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері.