Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
korday_maslihat@mail.ru
Аккаунты соц. сетей:
Қыпшақбаева Қарлығаш Қанатбекқызы
IV, V, VІ, VІІ шақырылған Қордай аудандық мәслихатының депутаты.
Общая информация, образование

Қыпшақбаева Қарлығаш Қанатбекқызы  1971 жылдың 27 шілдесінде  Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Еңбек ауылында туылған.

Еңбек ауылындағы сегіз жылдық мектебінде оқып, Алмалы орта мектебін күміс медальмен бітірген. Абай атындағы Алматы педагогикалық университетіне 1988 жылы оқуға түсіп, математика және информатика мұғалімі мамандығын алған.

Үйленген, төрт бала тәрбиелеуде.

Карьера

Еңбек жолын Талапты орта мектебінде 1992 жылы математика және информатика мұғалімі болып  бастаған;

1996 А.С.Пушкин атындағы №7 мектепте математика және информатика мұғалімі  болып  ауыстырылды;

2001 жылдан бастап оқу ісі бөлімінің меңгерушісінің міндетін атқарған, 2006 жылы осы мектептің директоры болып тағайындалды;

2007 жылдан бері Өтеген атындағы №8 мектептің директоры болып  ауыстырылды;

2018 жылдың желтоқсан  айынан Қордай  аудандық білім  қызметкерлерінің  кәсіподақ комитетінің  төрайымы  болып  сайланды.

IV, V, VІ, VІІ шақырылған Қордай аудандық мәслихатының  депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі. Аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет,  жергілікті  өзін-өзі басқару, индустриялық-инновациялық  дамыту,  аймақты,  көлік  пен  байланысты,  орта  және  шағын  бизнесті  дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы.

Марапаттаулары:

-2011 жылы  «Қазақстан  Тәуелсіздігіне-20  жыл» медалі;

-2016 жылы «Мәслихат-20  жыл» медалі;

-2016  жылы «Желтоқсан  оқиғасына  30  жыл» медалі;

-2019 жыл  Қазақстан  Республикасы  мәслихатына 25 жыл мерекелік медалі ;

– 2019 жыл Қазақстан  Республикасы  мәслихатының «Ерен еңбегі үшін» медалі ;

Облыс, Аудандық мәслихаттарының,  және аудандық білім бөлімінің грамоталарымен марапатталған.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы