📈ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСҚАН КЕЗДЕСУ
📆08.02.2024
🕰10.00
📍Көксу ауданы мәслихатының төрағасы Бейсенбай Жамбыл Жанатұлымен бірге VIII-ші шақырылған Жетісу облыстық мәслихатының депутататы Шенгелбаев Секенбай Сейтжанұлы және Көксу ауданы мәслихатының депутаты Байжұманов Ғалым Қазбекұлы Мұсабек ауылдық оркугі, Мұсабек ауылы, Қызыларық орта мектебінің ғимаратында Мұсабек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу кезінде халық қалаулылары округ тұрғындарымен көтерген өзекті мәселелер бойынша заң аясында шешілу барысымен қоса алда атқарылатын жұмыстар жайлы айтты.
📍Сонымен қатар, ауылдық округ тұрғындарының өзекті мәселелері айтылды. Өзекті мәселелермен қоса ауыл тұрғындары жеке мәселелері болғандықтан халық қалаулылары жеке қабылдау жасады. Айтылған өзекті мәселелер түртіліп, алдағы уақытта шешу жолдары заң аясында қарастырылып, тиісті органдарға жеткізілетін болады.