
Кездесуге жиналған халыққа ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, 2022 жылы атқарылған жұмыстар мен алға қойған мақсаттары жөнінде баяндап, таныстырды.
Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті.
Кездесу барысында ауылдарда жолдарға асфальт төсеу қажеттігін, электр бағаналары мен желілері ескіргенін, газ мәселесі, балаларға арналған ойын алаңдары, З.Тамшыбай ауылындағы медициналық нысанға жөндеу жұмыстарын, дәрігер тапшылығы туралы сұрақтар қозғалды.
Жиында ауыл халқының қойған сұрақтарына аудан әкімі жауап беріп, көтерілген мәселелердің шешу жолдары мен орындалу мезгілін айтып, оның өз кезеңімен шешімін табатынын жеткізді.
Кездесуді айтылған ұсыныс-пікірлер бойынша жұмыс жоспары жасалып, оның орындалу мерзімдері көрсетіліп, әр атқарылған жұмыстар аудан әкімінің ресми сайтында жарияланатын болады.