«Көксу ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың желтоқсандағы бюджеттің атқарылуы туралыТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАСЫ  

   Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарын орындау:               001,003 бағдарламары бойынша  2025  жылдың желтоқсанға арналған шығыстар 51264,0 мың теңге, игерілгені  51258,3  мың теңге немесе 99,9% орындалды.              001 бағдарламасы бойынша 2025 жылдың желтоқсанда барлығы                50368,9 мың теңге игерілді, оның ішінде: –  6 штаттық бірліктің еңбекақы  төлемдеріне 36483,8 мың теңге, салықтарына 4829,2 мың теңге,

–  мiндеттi сақтандыру жарналарына 30,9 мың теңге,

–  2 техникалық персоналдың еңбекақысына  3309,0 мың теңге, жарналарына  505,2  мың теңге,

– мекеменің автокөлігін жанар-жағар маймен қамтамасыз етуге  655,7 мың теңге,

–  қызметкерлерге өзге де қорларды сатып алуға 430,4  мың теңге,

–  байланыс қызметтеріне 685,0 мың теңге,

–  ақпараттандыру саласындағы жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу   796,0 мың теңге,

–  өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге 2240,0 мың теңге,

–  ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарларға 395,9  мың теңге,

–  өзге де ағымдағы шығындарға 7,8  мың теңге аударылды.

 

003 бағдарламасы бойынша 2025 жылғы желтоқсан айында  барлығы 889,4  мың теңге игерілді, оның ішінде:

–  жиһаз сатып алуға 474,0 мың теңге,

–  кілем сатып алуға 50,0 мың теңге,

–  кондиционер сатып алуға 265,4 мың теңге,

–  сейф сатып алуға 100,0 мың теңге аударылды.

 

 

 

Дата публикации
09 января 2026