2025 жылғы 22 желтоқсан № 52-205 "Көксу ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы"

Қазақстан Республикасының 2025 жылдың 15 наурыздағы Бюджет кодексінің 88-бабына, 91-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының        1) тармақшасына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 7 506 413 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 2 300 068 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 374 213 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 1 635 595 мың теңге;

трансферттердің түсімдері 3 196 537 мың теңге;

2) шығындар 6 863 905  мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 199 983 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік  кредиттер 325 125 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 125 172 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо 0 теңге:

         қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) 442 525 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)  (-) 442 525 мың теңге:

         қарыздар түсімі 1 296 242 мың теңге;

         қарыздарды өтеу 1 738 767 мың теңге;

         бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 0 теңге.

  1. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте аудан бюджетінен ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі 299446 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Жарлыөзек ауылдық округіне 44 583 мың теңге;

Лабасы ауылдық округіне 20 306 мың теңге;

Мұқыры ауылдық округіне 39 456 мың теңге;

Мұқаншы ауылдық округіне 19 951 мың теңге;

Алғабас ауылдық округіне 43 223 мың теңге;

Еңбекші ауылдық округіне 17 129 мың теңге;

Айнабұлақ ауылдық округіне 44 261 мың теңге;

Қаблиса ауылдық округіне 39 488 мың теңге;

Мұсабек ауылдық округіне 31 049 мың теңге.

  1. 2027 жылға арналған аудандық бюджетте аудан бюджетінен ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі 303 979 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Жарлыөзек ауылдық округіне 45 464 мың теңге;

Лабасы ауылдық округіне 20 131 мың теңге;

Мұқыры ауылдық округіне 39 832 мың теңге;

Мұқаншы ауылдық округіне 19 656 мың теңге;

Алғабас ауылдық округіне 44 396 мың теңге;

Еңбекші ауылдық округіне 16 865 мың теңге;

Айнабұлақ ауылдық округіне 45 434 мың теңге;

Қаблиса ауылдық округіне 40 611 мың теңге;

Мұсабек ауылдық округіне 31 590 мың теңге.

  1. 2028 жылға арналған аудандық бюджетте аудан бюджетінен ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі 301 320 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Жарлыөзек ауылдық округіне 45 375 мың теңге;

Лабасы ауылдық округіне 18 971 мың теңге;

Мұқыры ауылдық округіне 39 550 мың теңге;

Мұқаншы ауылдық округіне 18 395 мың теңге;

Алғабас ауылдық округіне 44 886 мың теңге;

Еңбекші ауылдық округіне 15 714 мың теңге;

Айнабұлақ ауылдық округіне 45 891 мың теңге;

Қаблиса ауылдық округіне 41 122 мың теңге;

Мұсабек ауылдық округіне 31 416 мың теңге.

  1. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтердің бюджеттерінен аудандық бюджетке бюджеттік алып қоюлар көлемі 251 967 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Балпық ауылдық округінен 251967 мың теңге.

  1. 2027 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтердің бюджеттерінен аудандық бюджетке бюджеттік алып қоюлар көлемі 266 999 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Балпық ауылдық округінен 266 999 мың теңге.

  1. 2028 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтердің бюджеттерінен аудандық бюджетке бюджеттік алып қоюлар көлемі 284 253 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Балпық ауылдық округінен 284 253 мың теңге.

  1. 2026 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органның резерві 101 476 мың теңге сомасында бекітілсін.
  2. Ауылдық округ бюджеттерінің шығыстарында осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес жалпы сипаттағы нысаналы трансферттердің көлемі ескерілсін.
  3. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

                                                                                                               

 

           Көксу  ауданы                                                                                 

            мәслихатының  төрағасы                                           Ж. Бейсенбай

 

 

Дата публикации
26 декабря 2025