Көксу ауданы мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы    № 37-148 «Көксу ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» шешіміне  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

 

Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Көксу ауданы мәслихатының «Көксу ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 37-148 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 206386 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

         көрсетілген шешіммен бекітілген Көксу ауданы бойынша                                     2025-2029  жылдарға  арналған  жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарында (бұдан әрі – Жоспар):

         3-тармақтың 1) тармақшасындағы 1-қосымшаның 2-кестесі «Елді мекеннің жайылымдарын бөлу, мың гектар» осы шешімнің                                      1-қосымшасына;

3) тармақшасындағы 3-қосымшасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 35 «Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізу қағидаларына бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19987 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес қалыптастырылған мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы мәліметтер осы шешімнің                 2-қосымшасына;     

          7) тармақшасындағы 11-қосымшасы «Көксу ауданының жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға, халық мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың сыртқы мен ішкі шекаралары және алаңдары белгіленген карталасы» осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Көксу ауданы

мәслихатының төрағасы                                   Ж. Бейсенбай

Дата публикации
04 декабря 2025