2025 жылғы 24 қараша № 49-200 "Көксу ауданы мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы   «Көксу ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы»  № 36-142 шешіміне өзгерістер енгізу туралы"

Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Көксу ауданы мәслихатының «Көксу ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 36-142 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 205787 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 8 441 594 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 949 003 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 53 780 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 157 565 мың теңге;

трансферттер түсімі 7 281 246 мың теңге;

2) шығындар 11 387 032  мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 292 590 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік  кредиттер 400 226 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 107 636 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:

         қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 3 238 028  мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 3 238 028 мың теңге, оның ішінде:

         қарыздар түсімі 2 748 526 мың теңге;

         қарыздарды өтеу 365 594 мың теңге;

         бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 855 096 мың теңге.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
  2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.                                                                                                                                      

                                                                                                               

 

Көксу ауданы

мәслихатының төрағасы                                        Ж. Бейсенбай

 

 
Дата публикации
01 декабря 2025