Көксу ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші  жойылды деп тану туралы

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Көксу ауданы мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
  • «Көксу ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» 2022  жылғы  22 қарашадағы  № 35-1  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 174280 болып тіркелген);
  • «Көксу ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» 2024 жылғы 27  наурыздағы  № 20-82  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 194824 болып тіркелген).
  1. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

                                                                                                                                 

Көксу  ауданы                                                                                 

            мәслихатының  төрағасы                                      Ж. Бейсенбай

 

 

Дата публикации
21 ноября 2025