«Көксу ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың қыркүйектегі бюджеттің атқарылуы туралыТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАСЫ   

           Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарын орындау:   001,003 бағдарламары бойынша  2025  жылдың қыркүйекке арналған шығыстар 39013,0 мың теңге, игерілгені  39005,6  мың теңге немесе 99,9% орындалды.   001 бағдарламасы бойынша 2025 жылдың қыркүйекте барлығы   38216,2 мың теңге игерілді, оның ішінде: –  6 штаттық бірліктің еңбекақы  төлемдеріне 27916,6 мың теңге, салықтарына 3569,2 мың теңге,

–  2 техникалық персоналдың еңбекақысына 2461,6  мың теңге, жарналарына 376,5  мың теңге,

– мекеменің автокөлігін жанар-жағар маймен қамтамасыз етуге  655,7 мың теңге,

–  қызметкерлерге өзге де қорларды сатып алуға 198,6  мың теңге,

–  байланыс қызметтеріне 459,2 мың теңге,

–  ақпараттандыру саласындағы жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу   597,0 мың теңге,

–  өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге 1650,1 мың теңге,

–  ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарларға 323,9  мың теңге,

–  өзге де ағымдағы шығындарға 7,8  мың теңге аударылды.

 

003 бағдарламасы бойынша 2025 жылғы қыркүйек айында  барлығы 789,4  мың теңге игерілді, оның ішінде:

–  жиһаз сатып алуға 474,0 мың теңге,

–  кілем сатып алуға 50,0 мың теңге,

–  кондиционер сатып алуға 265,4 мың теңге аударылды.

Дата публикации
10 октября 2025