Көксу ауданы мәслихатының кейбір шешімдерін жою туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 46-бабының 2 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты                       ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Көксу ауданы мәслихатының келесі шешімдері жойылсын:
  • «Көксу ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 3-24 (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде  № 180599 болып жарияланған);
  • «Көксу ауданы мәслихатының 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 3-24 «Көксу ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 31 шілдедегі № 6-40 (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде  № 184741 болып жарияланған).                                                                                     
  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                                                                                               

                                                                                                               

Көксу ауданы

мәслихатының төрағасы                                      Ж. Бейсенбай

Дата публикации
26 августа 2025