2025 жылғы 30 мамырдағы № 41-176 "Көксу ауданы мәслихатының 2024 жылғы 15 сәуірдегі «Көксу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 22-90 шешіміне өзгеріс енгізу туралы"

Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Көксу ауданы мәслихатының 2024 жылғы 15 сәуірдегі «Көксу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 22-90 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 195888 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Көксу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкімет» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.»

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Көксу ауданы мәслихатының төрағасы

 

Ж. Бейсенбай

 

Дата публикации
03 июня 2025