«Көксу ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылдың қазандағы бюджеттің атқарылуы туралы ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАСЫ

Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарын орындау:
бағдарламалар бойынша 2024 жылдың қазан айына арналған
шығыстар 41073,0 мың теңге, игерілгені 41062,4 мың теңге немесе 99,9%
орындалды.
001 бағдарламасы бойынша 2024 жылдың қазан айында барлығы
39823,6 мың теңге игерілді, оның ішінде:
– 6 штаттық бірліктің еңбекақы төлемдеріне 31287,6 мың теңге, салықтарына
3377,4 мың теңге,
– 2 техникалық персоналдың еңбекақысына 1684,0 мың теңге, жарналарына
224,4 мың теңге,
– мекеменің автокөлігін жанар-жағар маймен қамтамасыз етуге
609,9 мың теңге,
– қызметкерлерге өзге де қорларды сатып алуға 257,9 мың теңге,
– байланыс қызметтеріне 518,3 мың теңге,
– ақпараттандыру саласындағы жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу
560,4 мың теңге,
– өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге 516,1 мың теңге,
– ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарларға 778,7 мың теңге,
– өзге де ағымдағы шығындарға 8,9 мың теңге аударылды.
003 бағдарламасы бойынша 2024 жылғы қазан айында барлығы
1238,8 мың теңге игерілді, оның ішінде:
– моноблок сатып алуға 442,4 мың теңге,
– үздіксіз қоректеу көзі сатып алуға 21,0 мың теңге,
– сөз сөйлеуге арналған мінбе 72,4 мың теңге,
– үстел сатып алуға 342,4 мың теңге,
– кеңселік орындықтар сатып алуға 360,6 мың теңге аударылды.

Дата публикации
14 января 2025