2024 жылғы 27 желтоқсан № 37-148 "Көксу ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы"

«Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  8-бабының   1) тармақшасына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Көксу ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар осы шешімнің қосымшаларынасәйкес бекітілсін.
  2. Көксу ауданы мәслихатының 2023 жылғы 3 мамырдағы № 4-26 «Көксу ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайлымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2023 жылдың 19 мамырда № 181556 болып жарияланған) шешімі жойылсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

     Көксу ауданы

     мәслихатының төрағасы                                      

   Ж. Бейсенбай

 

Дата публикации
08 января 2025