2024 жылғы 23 желтоқсан № 36-142 "Көксу ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы"

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 9 378 509 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 798 773 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 72 662 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 304 319 мың теңге;

трансферттердің түсімдері 8 202 755 мың теңге;

2) шығындар 9 120 635  мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 174 675 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік  кредиттер 282 311 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 107 636 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо 0 теңге:

         қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) 83 199 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)  (-) 83 199 мың теңге:

         қарыздар түсімі 282 311 мың теңге;

         қарыздарды өтеу 365 510 мың теңге;

         бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 0 теңге.

  1. 2025 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органның резерві 31 288 мың теңге сомасында бекітілсін.
  2. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте аудан бюджетінен ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемдері 302009 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Жарлыөзек ауылдық округіне 50 576 мың теңге;

Лабасы ауылдық округіне 10 496 мың теңге;

Мұқыры ауылдық округіне 42 331 мың теңге;

Мұқаншы ауылдық округіне 12 929 мың теңге;

Алғабас ауылдық округіне 44 195 мың теңге;

Еңбекші ауылдық округіне 29 867 мың теңге;

Айнабұлақ ауылдық округіне 42 142 мың теңге;

Қаблиса ауылдық округіне 37 850 мың теңге;

Мұсабек ауылдық округіне 31623 мың теңге.

  1. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

                                                                                                               

 

Көксу ауданы

мәслихатының төрағасы                                            Ж. Бейсенбай

 

 
Дата публикации
30 декабря 2024