2024 жылғы 25 шілде № 28-121 "Көксу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары мен халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға  және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 365-бабының     3-тармағының 2), 3) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, «Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмууге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің                    2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Көксу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Көксу ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Көксу ауданы                                                                                  

мәслихатының төрағасы                                        Ж. Бейсенбай

 

Дата публикации
26 июля 2024