Көксу ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының                           3-1-тармағына, «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 тіркелген) сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Көксу ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Көксу ауданы мәслихатының «Көксу ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы» 2021 жылғы 07 тамыздағы № 14-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 159607 болып тіркелген) шешімі жойылсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  кейін  күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.           

                                                                                     

 

 

 

Көксу ауданы

мәслихатының төрағасы 

 

 

Ж.  Бейсенбай

Дата публикации
23 мая 2024