Көксу ауданы мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы  «Көксу ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы»   № 17-65 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Көксу ауданы мәслихатының «Көксу ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 17-65 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 191407 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 4 292 500 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 699 800 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 185 119 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 30 000 мың теңге;

трансферттер түсімі 3 377 581 мың теңге;

2) шығындар 4 597 588  мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 202 929 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік  кредиттер 289 284 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 86 355 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:

         қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 508 017  мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)   508 017 мың теңге, оның ішінде:

         қарыздар түсімі 289 284 мың теңге;

         қарыздарды өтеу 86 653 мың теңге;

         бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 305 386 мың теңге.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
  2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.                                                                                                                                      

                                                                                                               

 

Көксу ауданы

мәслихатының төрағасы                                     Ж. Бейсенбай

Дата публикации
13 мая 2024