«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабының 4, 5-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 189820 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Көксу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
- Алматы облысы Көксу ауданы мәслихатының «Көксу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2020 жылғы 23 желтоқсадағы № 72-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 150591 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Көксу ауданы мәслихатының төрағасы
|
|
Ж. Бейсенбай
|