Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Көксу ауданы мәслихатының «Көксу ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» 2023 жылғы 16 қарашадағы № 13-55(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 188732 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Көксу ауданы мәслихатының төрағасы
|
|
Ж. Бейсенбай
|