Көксу ауданы мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы № 13-55 «Көксу ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы»  шешімінің күші  жойылды деп тану туралы

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Көксу ауданы мәслихатының «Көксу ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» 2023 жылғы 16 қарашадағы № 13-55 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 92-19 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
05 января 2024