Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) кірістер 4 378 886 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 699 800 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 185 119 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 30 000 мың теңге;
трансферттердің түсімдері 3 463 967 мың теңге;
2) шығындар 4 378 886 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 202 929 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 289 284 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 86 355 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 202 929 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 202 929 мың теңге:
қарыздар түсімі 289 284 мың теңге;
қарыздарды өтеу 86 355 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 0 теңге.
Балпық ауылдық округіне 25 807 мың теңге;
Жарлыөзек ауылдық округіне 52 000 мың теңге;
Лабасы ауылдық округіне 18 484 мың теңге;
Мұқыры ауылдық округіне 46 529 мың теңге;
Мұқаншы ауылдық округіне 32 873 мың теңге;
Алғабас ауылдық округіне 41 529 мың теңге;
Еңбекші ауылдық округіне 33 811 мың теңге;
Айнабұлақ ауылдық округіне 36 474 мың теңге;
Қаблиса ауылдық округіне 30 162 мың теңге;
Мұсабек ауылдық округіне 33 996 мың теңге.
Көксу ауданы
мәслихатының төрағасы Ж. Бейсенбай