Көксу ауданының 2024-2026 жылдарға  арналған бюджеті туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 4 147 879 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 685 518 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 92 580 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 24 810 мың теңге;

трансферттердің түсімдері 3 344 971 мың теңге;

2) шығындар 4 147 879  мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 144 749 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік  кредиттер 221 300 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 76 551 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо 0 теңге:

         қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 144749 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                144 749 мың теңге:

         қарыздар түсімі 221 300 мың теңге;

         қарыздарды өтеу 76 551 мың теңге;

         бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 0 теңге.

  1. 2024 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органның резерві 20 661 мың теңге сомасында бекітілсін.
  2. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте аудан бюджетінен ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемдері 499 355 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Балпық ауылдық округіне 143 303 мың теңге;

Жарлыөзек ауылдық округіне 50 519 мың теңге;

Лабасы ауылдық округіне 37 837 мың теңге;

Мұқыры ауылдық округіне 47 550 мың теңге;

Мұқаншы ауылдық округіне 35 792 мың теңге;

Алғабас ауылдық округіне 38 509 мың теңге;

Еңбекші ауылдық округіне 37 296 мың теңге;

Айнабұлақ ауылдық округіне 37 781 мың теңге;

Қаблиса ауылдық округіне 32 621 мың теңге;

Мұсабек ауылдық округіне 38 125 мың теңге.

  1. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

                                                                                                               

 

                Көксу ауданы

мәслихатының төрағасы                                        Ж. Бейсенбай

Дата публикации
13 декабря 2023