Көксу ауданы мәслихатының 2020 жылғы 23  қыркүйектегі «Көксу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын,  сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» № 66-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Көксу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» № 66-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 146975 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:  көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «2. Заңның 9-бабының 5-тармағына сәйкес пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары кемінде 800 метр арақашықтықта айқындалсын».
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                                                                              

 

Көксу ауданы

мәслихатының төрағасы                                        Ж. Бейсенбай

Дата публикации
11 декабря 2023