Көксу ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 97 бабы 5 тармағы, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы           № 2314  қаулысына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
  2. Көксу ауданы мәслихатының «Көксу ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 72-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5838 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
06 декабря 2023