«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған 2023 жылы Қазақстан Республикасының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру жөніндегі ұсынымдар бекітілсін.
- Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық сайлау комиссиялары сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру үшін 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер тиісті мәслихаттарға ұсынылғаннан кейін үш күн мерзімде Орталық сайлау комиссиясына ақпарат жіберсін.
- Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандар мен қалалардың мәслихаттары Сайлау туралы Конституциялық заңның 10-бабы 5-тармағының талаптарына сәйкес 10 күннен кешіктірілмейтін мерзімде 6-қосымшаға сәйкес сайлау комиссияларының жаңа құрамдары туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына беруді жүзеге асырсын.
- Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Н. Әбдіров
Хатшы М. Ерман
Астана қаласы
2023 жылғы 8 қараша
№98/798