Көксу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің  мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  97-бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы   30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Көксу ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  2. Алматы облысы Көксу ауданы мәслихатының «Көксу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2020 жылғы  23 желтоқсандағы № 72-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5838  болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

      Көксу ауданы           

      мәслихатының төрағасы                                           Ж. Бейсенбай         

Дата публикации
19 июня 2023