2023 жылғы 25 сәуір, № 3-22. Көксу ауданы мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы  «Көксу ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 38-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы  

 

 

ШЕШТІ:

  1. Көксу ауданы мәслихатының «Көксу ауданының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 38-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 176185 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 5 317 288 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 651 685 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 96 003 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 23 970 мың теңге;

трансферттер түсімі 4 545 630 мың теңге;

2) шығындар 5 628 085  мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 94 049 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік  кредиттер 170 600 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 76 551 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:

         қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 404 846 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)  404 846 мың теңге, оның ішінде:

         қарыздар түсімі 428 474 мың теңге;

         қарыздарды өтеу 76 553 мың теңге;

         бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 52 925 мың теңге.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
  2. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.                                                                                                                                                                         

                                                                                                               

 

      Көксу ауданы                                                         

      мәслихатының төрағасы                                            Ж. Бейсенбай

 

 

Дата публикации
28 апреля 2023