«Көксу ауданы мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
«Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің № 704 Жарлығының 79-тармағына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 590 қаулысына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШТІ:
- «Көксу ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
- Көксу ауданы мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Көксу ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 19-9 шешімі және 2022 жылғы 25 тамыздағы «Көксу ауданы мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы Көксу ауданы мәслихатының «Көксу ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 19-9 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» № 28-2 шешімі жойылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Көксу ауданы мәслихаты аппаратының басшысы Кожабергенов Айдар Кожабековичке жүктелсін.
Көксу ауданы
мәслихатының төрағасы А. Досымбеков