Көксу ауданы мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы
«Көксу ауданының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы»
№ 19-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 6 829 824 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 651 930 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 9 005 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 8 890 мың теңге;
трансферттер түсімі 6 159 999 мың теңге;
2) шығындар 7 448 073 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 72 404 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 142 835 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 70 431 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 690 653 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 690 653 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі 663 355 мың теңге;
қарыздарды өтеу 70 433 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 97731 мың теңге.».
|
Көксу ауданы мәслихатының хатшысы А. Досымбеков |
|