2021 жылғы 13 тамыздағы № 9-1

Көксу ауданы мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы «Көксу ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 72-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

ШЕШТІ:

  1. Көксу ауданы мәслихатының «Көксу ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 72-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5845 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 6 998 523 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 482 570 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 37 176 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 10 095 мың теңге;

трансферттер түсімі 6 468 682 мың теңге;

2) шығындар 7 127 657  мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 74 261 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік  кредиттер 135 955 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 61 694 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:

         қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 203 395 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)  203 395 мың теңге, оның ішінде:

         қарыздар түсімі 135 955 мың теңге;

         қарыздарды өтеу 61 701 мың теңге;

         бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 129 141 мың теңге.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
  2. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.                                                                                                                                                                          

                                                                                                               

 

Көксу ауданы мәслихатының хатшысы

 

А. Досымбеков

Дата публикации
13 августа 2021