Көксу ауданы мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы «Көксу ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 72-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Көксу ауданы мәслихатының «Көксу ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 72-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5845 тіркелген, 2021 жылдың 8 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 7 409 574 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 882 370 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 21 676 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 26 095 мың теңге;
трансферттер түсімі 6 479 433 мың теңге;
2) шығындар 7 413 726 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 118 326 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 180 020 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 61 694 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 122 478 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 122 478 мың теңге:
қарыздар түсімі 180 020 мың теңге;
қарыздарды өтеу 61 701 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 4 159 мың теңге.».
- Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Көксу ауданы мәслихатының «Ауданның экономикалық дамуы, жергілікті бюджет, табиғатты қорғау және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| |
|
Г. Байжуманов
|
|
Көксу ауданы мәслихатының хатшысы
|
|
А. Досымбеков
|