Қазақстан Республикасы
Парламентінің Мәжілісі
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2021 жылғы 13 наурыздағы бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2021 жылғы 25 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 21-тармағын іске асыру үшін әзірленді.
Заң жобасы аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің кіріс базасын кеңейтуге, мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктері мен функцияларын кеңейтуге және т. б. бағытталған.
Осыған байланысты, Заң жобасы аясында:
аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер деңгейінде бюджеттік рәсімдер бойынша белгілі бір функциялар мен өкілеттіктерді ауылдағы өзін-өзі басқару органға беру;
аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының кіріс базасын кеңейту;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес келтіру және т.б.
Есеп комитетінің құзыретін кеңейту және тексеру комиссияларының құрамы мен оларды қалыптастыру тәртібін қалыптастыру бөлігінде тексеру комиссияларын күшейту.
Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов