«Көксу ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылдың қыркүйектегі бюджеттің атқарылуы туралыТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАСЫ

Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарын орындау:  001 бағдарлама бойынша  2026  жылдың қыркүйекке арналған шығыстар 44264,0 мың теңге, игерілгені  44255,5  мың теңге немесе 99,9%орындалды. 001 бағдарламасы бойынша 2026 жылдың қыркүйекте барлығы  44130,2 мың теңге игерілді, оның ішінде: –  6 штаттық бірліктің еңбекақы  төлемдеріне 33527,1 мың теңге, салықтарына 4542,8 мың теңге,

–  2 техникалық персоналдың еңбекақысына  2420,2  мың теңге, жарналарына  394,0  мың теңге,

– мекеменің автокөлігін жанар-жағар маймен қамтамасыз етуге 731,2 мың теңге,

–  қызметкерлерге өзге де қорларды сатып алуға 243,0  мың теңге,

–  байланыс қызметтеріне 503,4 мың теңге,

–  ақпараттандыру саласындағы жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу  577,5 мың теңге,

–  өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге 696,2 мың теңге,

–  ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарларға 487,8  мың теңге,

–  өзге де ағымдағы шығындарға 7,0  мың теңге аударылды.

 

003 бағдарламасы бойынша 2026 жылғы қыркүйек айында  барлығы 125,3  мың теңге игерілді, оның ішінде:

–  2 ту сатып алуға 125,3 мың теңге аударылды.

 

 

 

Дата публикации
05 октября 2026