ЖОБА     "2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы"

 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының  15) тармақшасына, «Кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 науырздағы № 166 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20284 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2026 жылға кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 0,0079 мөлшерінде, яғни айына пайдалы алаңның бір шаршы метрі үшін 34 (отыз төрт) теңге көлемінде бекітілсін.
  2. «2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы» Көксу ауданы мәслихатының 2026 жылғы 29 мамырдағы № 57-236 (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде  № 226040 болып жарияланған) шешімі жойылсын.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

            Көксу ауданы

            мәслихатының төрағасы                                      Ж. Бейсенбай

Дата публикации
23 июня 2026