Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 46-бабына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Көксу ауданы мәслихатының 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 56-224 «Көксу ауданы мәслихатының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы «Көксу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 15-63 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде № 224826 болып жарияланған) шешімі жойылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көксу ауданы
мәслихатының төрағасы Ж. Бейсенбай