2026 жылғы 20 сәуір № 54-217 "Көксу ауданы мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы   «Көксу ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 52-205 шешіміне өзгерістер енгізу туралы"

Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Көксу ауданы мәслихатының «Көксу ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 52-205 (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде № 220306 болып жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 8 040 799 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 2 299 696 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 498 633 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 1 651 669 мың теңге;

трансферттер түсімі 3 590 801 мың теңге;

2) шығындар 8 293 705  мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 192 118 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік  кредиттер 325 155 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 133 037 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:

         қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 445 024  мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)  445 024 мың теңге, оның ішінде:

         қарыздар түсімі 1 966 787 мың теңге;

         қарыздарды өтеу 1 746 633 мың теңге;

         бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 224 870 мың теңге.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
  2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.                                                                                                                                      

                                                                                                               

 

Көксу  ауданы

мәслихатының төрағасы                                   

 

   Ж. Бейсенбай
Дата публикации
24 апреля 2026