Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жалпы мәліметтер

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 11-тармағына сәйкес жергiлiктi өкiлдi орган (мәслихат) – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркiн бiлдiретiн және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны iске асыру үшiн қажеттi шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.

Заңның 1-бабы 9-тармағына сәйкес жергiлiктi өзiн-өзi басқару – халық тiкелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын, осы Заңда, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде айқындалған тәртiппен жергiлiктi маңызы бар мәселелердi өзiнiң жауапкершiлiгiмен дербес шешуге бағытталған қызмет.

Мәслихат аппараты (Заңның 25-бабына сәйкес):

  1. Мәслихат аппараты мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетедi.

  2. Мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  3. Мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуымен, мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi тоқтатылмайды.

  4. Мәслихат аппараты жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекеме болып табылады.

Мәслихат төрағасы (Заңның 19-бабына сәйкес)

  1. Мәслихаттың төрағасы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн лауазымды адам болып табылады. Оны мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады. Мәслихат төрағасы мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiне сайланады (ескерту: «мәслихат хатшысы» деген ескірген термин заңнан алынып тасталып, орнына «мәслихат төрағасы» институты енгізілген)

  2. Мәслихат төрағасы лауазымына кандидатураларды мәслихат депутаттары мәслихат сессиясында ұсынады.

  3. Мәслихат төрағасы:

    1. мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;

    2. мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегi жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;

    3. депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;

    4. мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

    5. сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;

    6. мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;

    7. өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;

    8. мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметiн үйлестiредi;

    9. мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;

    10. мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;

    11. мәслихат шешiмi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды.

  4. Мәслихат төрағасының мәслихаттың тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ.

  5. Мәслихаттың төрағасы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн уақытша мәслихат тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты жүзеге асырады.

Мәслихаттардың құзыретi (Заңның 6-бабына сәйкес):

  1. тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту, соның ішінде қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері іске асыратын бюджеттік бағдарламаларды бекіту;

  2. тиiстi аумақтарда қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды және қоршаған ортаны қорғау, сауықтыру жөнiндегi шығыстарды бекiту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелердi шешу;

  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгілік құрылымдары негізінде қалыптасқан әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын әкімнің ұсынысы бойынша бекіту;

  4. өздерiнің қарауына жатқызылған әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу;

  5. әкімнің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешiмімен тиісті әкімдіктің дербес құрамын келісу;

  6. атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу;

  7. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру;

    7-1) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасына сәйкес аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының мүшелерiн сайлау;

  8. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық белгіленетін ережелерді бекіту;

  9. тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністі дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының, жергілікті бюджеттің атқарылуына бақылау жасау;

  10. мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құру, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, мәслихаттың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;

  11. халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мен кедейлікті азайту бағдарламаларын бекіту;

  12. әкімнің ұсынуы бойынша ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкімдік жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың дербес құрамын бекіту;

    12-1) әкімнің ұсынысы бойынша «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру;

    12-2) «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру ережелерін бекіту;

  13. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;

  14. азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу;

  15. осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Документы
Жоспар
22 января 2024
Көксу ауданы мәслихатының аппараты
Көксу ауданы мәслихатының 2024 жылға арналған жұмыс жоспары
НҚА жобасы
25 июля 2023
Көксу ауданы мәслихатының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы «Көксу ауданының ауылдық округтерінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттері туралы» № 39-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шешім
19 июля 2023
Көксу ауданының Балпық ауылдық округінің жерлерін нысаналы мақсаты және пайдалану режимі бойынша аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы
Новости
Полезные материалы
Жалпы мәліметтер
Медиагалерея
События
15 мая
Төмендегі сілтемелер арқылы «Көксу ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттеу кезеңіндегі бюджеттік бағдарламаларының жобаларына және азаматтық бюджетке  қоғамдық талқылау басталғанын хабарлайды.  
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы