Меню

Страницы

Статья

Көкшетау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № С-13/2 «2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Көкшетау қалалық мәслихатының

2021 жылғы 24 желтоқсандағы № С-13/2

«2022-2024 жылдарға арналған қалалық

бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 Көкшетау қалалық мәслихаты   ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:        

  1. Көкшетау қалалық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № С-13/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26050 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:  

«1. 2022–2024 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3–қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 39 213 844,7 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 27 180 878,0  мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 204 429,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 111 225,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 8 717 312,7 мың теңге;

2) шығындар –  38 464 315,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – - 158 241,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 55 134,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 213 375,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 296 573,6 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 296 573,6 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 611 197,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                   -611 197,0 мың теңге»;

4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«4. Қалалық бюджет  шығындарында қарастырылғаны ескерілсін:

          1) 337 626,1 мың теңге сомасында трансферттер, Краснояр ауылдық округіне соның ішінде:

әкімнің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 14 310,9 мың теңге сомасында;

абаттандыру мен көгалдандыруға 4 882,6 мың теңге сомасында;

көшелерді жарықтандыруға 10 100,0 мың теңге сомасында;

елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыруға 17 142,0 мың теңге сомасында;

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға 291 190,6 мың теңге;

          2) 12 144,7 мың теңге сомасында трансферттер, Станционный кентіне соның ішінде:

әкімнің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 642,0 мың теңге сомасында;

санитарияны қамтамасыз етуге 2 319,7 мың теңге сомасында;

абаттандыруға мен көгалдандыруға 9 183,0 мың теңге сомасында;

          3) 371 987,0 мың теңге сомасында кент,  ауылдық округ бюджетіне бюджеттік субвенциялар қарастырылғаны ескерілсін, соның ішінде:

         Краснояр ауылдық округіне 301 214,0 мың теңге сомасында;

         Станционный кентіне 70 773,0 мың теңге сомасында.»;

9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

        «9. 2022 жылға арналған қалалық бюджет шығындарында 461 036,8     мың теңге сомасында республикалық және облыстық бюджеттерінен кредиттер бойынша сыйақыларды төлеу ескерілсін, оның ішінде:

55,0 мың теңге сомасында мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін;

145,7 мың теңге сомасында тұрғын үйлердің құрылысына;

253,3 мың теңге сомасында жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жаңартуына және құрылысына;

387 665,3 мың теңге сомасында ішкі қарыздар есебінен Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде іс-шараларды жүзеге асыруға;

72 917,5 мың теңге сомасында ішкі қарыздар есебінен несиелік тұрғын үй құрылысына.»;

көрсетілген шешімнің 1, 4, 5 - қосымшалары, осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Көкшетау қалалық              

мәслихатының хатшысы                                                     Р. Калишев

Дата публикации
18 августа 2022
Дата обновления
18 августа 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 марта 2025
Қоғамдық кеңестің құрамы (2025-2027 жж)
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
08 сентября 2023
Көкшетау қаласы мәслихатының депутаттары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы