Меню

Страницы

Статья

Көкшетау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № С-13/2 «2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Көкшетау қалалық мәслихатының

2021 жылғы 24 желтоқсандағы № С-13/2

«2022-2024 жылдарға арналған қалалық

бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер

енгізу туралы

 Көкшетау қалалық мәслихаты   ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:        

  1. Көкшетау қалалық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № С-13/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26050 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:  

«1. 2022–2024 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3–қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 38 105 251,0 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 26 716 112,3 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 204 429,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 111 225,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 8 073 484,7 мың теңге;

2) шығындар – 37 339 657,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – - 158 241,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 55 134,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 213 375,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 402 925,6 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 402 925,6 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 520 909,4 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                   -520 909,4 мың теңге»;

4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«4. Қалалық бюджет  шығындарында қарастырылғаны ескерілсін:

          1) 46 435,5 мың теңге сомасында трансферттер, Краснояр ауылдық округіне соның ішінде:

әкімнің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 14 310,9 мың теңге сомасында;

абаттандыру мен көгалдандыруға 4 882,6 мың теңге сомасында;

көшелерді жарықтандыруға 10 100,0 мың теңге сомасында;

елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыруға 17 142,0 мың теңге сомасында;

          2) 12 144,7 мың теңге сомасында трансферттер, Станционный кентіне соның ішінде:

әкімнің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 642,0 мың теңге сомасында;

санитарияны қамтамасыз етуге 2 319,7 мың теңге сомасында;

абаттандыруға мен көгалдандыруға 9 183,0 мың теңге сомасында;

          3) 371 987,0 мың теңге сомасында кент,  ауылдық округ бюджетіне бюджеттік субвенциялар қарастырылғаны ескерілсін, соның ішінде:

         Краснояр ауылдық округіне 301 214,0 мың теңге сомасында;

         Станционный кентіне 70 773,0 мың теңге сомасында.».

көрсетілген шешімнің 1, 2, 4, 5 - қосымшалары, осы шешімнің 1, 2, 3, 4 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Көкшетау қалалық               

мәслихатының хатшысы                                                      Р. Калишев

Дата публикации
16 июня 2022
Дата обновления
16 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 марта 2025
Қоғамдық кеңестің құрамы (2025-2027 жж)
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
08 сентября 2023
Көкшетау қаласы мәслихатының депутаттары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы