Көкшетау қалалық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы» Көкшетау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 24 сәуірдегі № С-33/4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7160 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган - «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.»;
6-тармақ алынып тасталсын.
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегін тағайындауды уәкілетті орган - «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырылады.»;
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына және/немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш береді.»;
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға толық тағайындалады, ал аз қамтылған отбасының (азаматтың) алдындағы тоқсандағы жиынтық табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.».
|
Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы Р. Калишев |