Меню

Страницы

Статья

2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы

2022-2024 жылдарға арналған қалалық

бюджеті туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнiң 9-бабының 2-тармағына,  «Қазақстан  Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:  

  1. 2022–2024 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3–қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 32 107 237,0 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 22 733 519,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 204 429,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 111 225,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 6 058 064,0 мың теңге;

2) шығындар – 30 252 010,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – - 158 241,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 55 134,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 213 375,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 286 263,0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 286 263,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 1 727 205,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                   -1 727 205,0 мың теңге.

  1. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52 бабының 1 тармағына сәйкес кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерінде белгіленді:

1) облыстық бюджетке төлем көзінен ұсталатын табыстан жеке табыс салығы бойынша – 100%;

2) Көкшетау қаласының бюджетіне әлеуметтік салық  бойынша – 100%.

  1. Қалалық бюджет шығындарында 6 811 954,0 мың теңге сомасында облыс бюджетіне бюджеттік алымдар алу қарастырылғаны ескерілсін.
  2. Қалалық бюджет шығындарында 371 987,0 мың теңге сомасында кент, ауылдық округ бюджетіне бюджеттік субвенциялар қарастырылғаны ескерілсін, соның ішінде:

Краснояр ауылдық округіне 301 214,0 мың теңге сомасында;

Станционный кентіне 70 773,0 мың теңге сомасында.

  1. 2022 жылға арналған қалалық бюджет кірістерінің құрамында республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттер 4- қосымшаға сәйкес ескерілсін.
  2. 2022 жылға арналған қалалық бюджет кірістерінің құрамында облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттер 5- қосымшаға сәйкес ескерілсін.
  3. 2022 жылға 400 000,0 мың теңге сомасында қаланың жергілікті атқарушы органның резерві бекітілсін.
  4. 2022 жылға арналған қалалық бюджет шығындарында 44 591,0 мың теңге сомасында  мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін,  3 276 085,0 мың теңге сомасында тұрғын үйдің құрылысына, 168 783,0 мың теңге сомасында жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жаңартуына және құрылысына 2010, 2011, 2012, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019, 2020 және 2021 жылдары бөлінген бюджеттік кредиттер бойынша  негізгі қарызды өтеуді ескерілсін.
  5. 2022 жылға арналған қалалық бюджет шығындарында 433 180,0 мың теңге сомасында республикалық және облыстық бюджеттерінен кредиттер бойынша сыйақыларды төлеу ескерілсін, оның ішінде:

52,0 мың теңге сомасында мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін;

146,0 мың теңге сомасында тұрғын үйлердің құрылысына;

254,0 мың теңге сомасында жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жаңартуына және құрылысына;

389 977,0 мың теңге сомасында ішкі қарыздар есебінен Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде іс-шараларды жүзеге асыруға;

42 751,0 мың теңге сомасында ішкі қарыздар есебінен несиелік тұрғын үй құрылысына.

  1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға, қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың айлықақыларымен және тарифтiк мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер қарастырылсын.
  2. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы                                 Р. Калишев

Дата публикации
24 декабря 2021
Дата обновления
24 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 марта 2025
Қоғамдық кеңестің құрамы (2025-2027 жж)
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
08 сентября 2023
Көкшетау қаласы мәслихатының депутаттары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы